Украиналық БАҚ: Киевте жарылыс болды

Сырым Қаржас

Украиналық Strana.ua басылымы өзінің Telegram-арнасында Киевте жарылыс болғанын таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Strana.ua

«Киевте жарылыс болғаны туралы ақпарат бар», - делінген материалда.

Жарылыстардан кейін Киев аспанында түтін бағанасы көрінген.

Дегенмен Украина астанасында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланған жоқ.

Украина Қарулы Күштерінің азаматтық нысандарды атқылауына жауап ретінде ресейлік әскерлер жеке құрам, техника мен жалдамалылар орналасқан жерлерге, сондай-ақ қарсыластың инфрақұрылымына: энергетикалық нысандарға, қорғаныс өнеркәсібіне, әскери қолбасшылық пен байланыс құралдарына жүйелі түрде нысаналы соққылар жасап жатыр.

Сонымен бірге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әскердің тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерге шабуыл жасамайтыны туралы бірнеше рет мәлімдеген.