Тоқаев Кемероводағы апатқа байланысты Ресей президентіне көңіл айтты

Ulysmedia

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат  салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып,  қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, Ресей Федерациясының Кемерово облысының билігі Листвяжнаядағы шахтада болған апат салдарынан 11 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кемерово облысының прокуратурасы тексеруді бастады.