Көптің қызу талқысына түскен бейнежазба 13 қыркүйекте тараған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ
Оқиға 13 қыркүйекте Астана қаласындағы № 25 автобуста болған. Жазбадан жолаушылар тобы жігітті теуіп, ұрып-соғып жатқаны, өзге жолаушылар араласуға тырысқаны байқалады.
КІМ ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Астана полицейлері қоғамдық көлікте жасөспірімді ұрып-соққан үш күдіктіні анықтады.
Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жасөспірімді қоғамдық көлікте ұрып-соғу фактісі бойынша полиция қызметкерлері 15 және 16 жастағы үш кінәлі адамды анықтап, полицияға жеткізді. Осы факті бойынша "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.
Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынған.