«Барлық келісімді тоқтаттық». Пашинян ҰҚШҰ-ға қатысты мәлімдеме жасады

Әлихан Асқақ

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Арменияның егемендігіне қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Бұл туралы Арманияның премьер-министрі Никол Пашинян жалпы армян форумында мәлімдеді. 

Біз барлық келісімдерді тоқтаттық. Себебі ұйым өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Тіпті біздің елдің егемендігіне қауіп төндіріп тұр, - деді ол. 

Еске сала кетейік, ресми Ереван қауіпсіздік ұйымынан шығу туралы ұстанымын маусым айында айқындаған болатын.