Жаңбыр жауып, үсік жүреді - синоптиктер ескерту жасады

Ілияс Бақыт

"Қазгидромет" синоптиктері бейсенбі, 19 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы.

"ШҚО, СҚО, сондай-ақ Абай облысында, Ақмола өңірінің солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында күн суытып, сынап бағаны -1-ден -6°С дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі".

Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл өңірінің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын айтады.