Жедел жәрдем қызметі тоқтай ма - министрліктің мәлімдемесі

Ілияс Бақыт

Қазақстанда жедел медициналық жәрдем көрсету ережелеріне айтарлықтай өзгеріс енгізілгелі жатырғанын жазған едік. Енді барлық бригада барлық науқастарға тәулік бойы бара бермейді. Денсаулық сақтау министрлігі неліктен бұндай қадамға барғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

НЕГЕ ҚЫСҚАРТТЫ?

Денсаулық сақтау министрлігі қоңыраулардың 50%-дан астамы шұғылдықтың төртінші санатына жататынын көрсеткен. Бұл емханаларды қоса алғанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының бақылауындағы созылмалы аурулары бар пациенттер деген сөз.

"Осыған байланысты Министрлік алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету стандартына және жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі. Өзгерістер кейбір БАҚ дұрыс түсіндірмегендей, үйде қызмет көрсетуді жоюды білдірмейді, керісінше медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған. Дәрігердің үйге шақыруларын тіркеуге және үйдегі стационарларды ұйымдастыруға қатысты тармақтар құжаттың құрылымын жақсарту үшін жобаның басқа бөліміне ауыстырылды, бірақ олар күшінде қалады. МСАК медицина қызметкерлері алдыңғы стандарт аясында үйде көмек көрсетуді жалғастырады", - делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстанда жедел медициналық жәрдем көрсету ережелеріне айтарлықтай өзгеріс енгізілгелі жатырғанын жаздық. Енді барлық бригада барлық науқастарға тәулік бойы бара бермейді. 

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Ашық НҚА сайтында енгізілгелі отырған өзгерістер жобасын жариялады. Оған сай, арнайы бригада түнгі уақытта жеделдігі жөнінен 4-санатқа жататын шақыруларға бармайтын болады.

ОЛ ҚАНДАЙ САНАТТАР

Жобада шақыруларды жағдайдың жеделдігіне қарай санаттарға бөлу көзделген.

  1. Жеделдіктің 1 санаты – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін өмірге тікелей қатер төндіретін жағдай; Бригада 10 минут аралығында келеді.
  2. Жеделдіктің 2 санаты – медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін жағдай; Бригада 15 минутқа дейін келеді.
  3. Жеделдіктің 3 санаты – медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін жағдай: Бригада 30 минутқа дейін келеді.
  4. Жеделдіктің 4 санаты – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған жағдай. Жедел жәрдем бригадасы мұндай шақыруларға кестеге сай барады.

4 САНАТҚА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Енді жедел бригада 4 санаттағы шақыруларға тек жұмыс сағаттарында барады:

  • Дүйсенбі-жұма: 08:00-18:00 аралығы;
  • Сенбі: 08:00-12:00 аралығы
  • Жексенбі: демалыс

Осылайша, тәулік бойғы қызмет тек адам өміріне қауіп төндіретін аса шұғыл жағдайларда ғана көрсетілмек.

СЕБЕБІ

Министрлік мұндай қадамға қаржы жетіспеушілігінен барып отырғанын айтады. Қазіргі тариф тәуліік бойы істейтін бригадалардың шығынан жаппай, қарызға кіргізіп жіберген.

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға 8 қазанға дейін ұсынылып отыр.