«Мен үшін Қазақстанға көшеді»: Kaspi атқарушы директоры шетелдікке тұрмысқа шықты

Сырым Қаржас

Kaspi банкінің атқарушы директоры Маржан Елшібаева британ азаматына тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ratel.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желіге жазды. Елшібаеваның күйеуінің аты – Пол.

– Менің жеке өмірімдегі оқиғалар мұндай көп реакция туғызады деп күткен жоқпын. Құттықтауларыңызды оқыған өте керемет. Тіркеу Борнмут (Англия) қаласындағы әдемі ескі ағылшын қалалық әкімдік ғимаратында болды. Менің күйеуім ағылшын, оның аты Пол. Отанымнан кеткім келмейді. Керісінше, күйеуімді Қазақстанға көшуге көндірдім. Мен үшін ол өзінің туыстарын, жақындарын, достарын, күнделікті өмірін тастап, елге көшеді - бұл керемет. Енді мен оның махаббатына күмәнданбаймын, - деді ол.

Маржан Елшібаева Қазақстанның медиа саласында 20 жылға жуық жұмыс істеген. 1994 жылы КТК телеарнасында "Апта" бағдарламасында репортер болған. Әрі қарай “Тотем" телеарнасындағы Информбюро жаңалықтарында еңбек еткен. 2002 жылы "Интерньюс-Қазақстанға" келіп, "Ашық Азия" бағдарламасының журналисінен атқарушы директорға дейінгі жолдан өтті. "Телерадио хабарларын тарату туралы" және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заң жобаларының жұмыс топтарының мүшесі болды. 2014 жылдың сәуір айынан бастап Kaspi Банктің атқарушы директоры.