Қарағанды хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстан сатпақ болған

Сырым Қаржас

Қарағандыда арыстанның екі абданын (төлін) ұрлап, сатпақ болған қалалық хайуанаттар бағының қызметкерлері сотталды. Тәртіп сақшылары оларды сатып алушымен мәміле жасалған сәтте ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ekaraganda.kz

Сот оларға үкім шығарды.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар – келтірілген залалдың толық өтелуін, А. мен Р.-ның кішкентай балаларының болуын және сотталушы Б.-ның ІІ топтағы мүгедектігін ескерген.

Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, оларға үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оған қоса екі жылға жабайы жануарларды емдеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан айрылды.