Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер ақынның ескерткіші алдында тізерлеп кешірім сұрады

Сырым Қаржас

Блогер Әлішер Теменов ағаттық жібергенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

КЕШІРІМ СҰРАУЫ

– Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын, – дейді Теменов.

Өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, сынға қалған. 

– Мұқағали Мақатаев жалпы “жаловаться” ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай” дейді. “Ей, сен бл… (былапыт сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой, – деген блогер жарнамасында.

Кейін бұл сөзі үлкен шу туғызып, блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болған.