Алматыдағы №643 учаскеде бақылаушы болған Мұхтар Ғалымжанов Ұлыс тілшісіне полиция өзін босатқанын хабарлады.
МӘН-ЖАЙЫ
Мұхтар Ғалымжанов Наурызбай аудандық полиция басқармасында біренеше сағат отырған. Айтуынша,полиция оны референдумға кедергі жасады деген себеппен ұстаған. Бақылаушы ештеңеге кедергі келтірмедім, тек хаттама көшірмесін беруін сқрадым дейді. Мұхтар Ғалымжановөзіне әзірге айыппұл сияқты ешқандай шара қолданбағанын жеткізді.
БАҚЫЛАУ
Мұхтар Ғалымжанов Алматыдағы №643 учаскеде “Тәуелсіз бақылаушы” қоғамдық бірлестігінің атынан АЭС бойынша референдумда бақылаушы болған. Сөзінше, учаске әскери бөлімде орналасқан. Учаскеге 541 мерзімді қызметтегі сарбаз дауыс берген. Ол дауыс беру кезінде өзін учаскеден шығарып жіберуге тырысқанын, учаске комиссиясының төрағасы аты-жөнін айтпай қойғанын мәлемдеген.
ҰСТАУ
Әскерилер дауыс беріп болуына байланысты учаске жұмысы түске таман жабылған. Бақылаушыға комиссия мүшелері хаттама көшірмесін бермей қойған. Беруін сұрағанында полиция шақырған.
Бұған дейін Қазақстанда АЭС референдумы қарсаңында 20-дан астам белсенді ұсталған болатын.
Еске салсақ, бүгін бүкіл елде рефрендум комиссиясының 70 мыңнан астам мүшесі жұмыс істейтін 10 мыңнан астам учаске жұмысын бастады.