Трамп Илон Маскпен бірге өзін өлтіріп кетпек болған штатқа келді

Ғалиасқар Думан

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп алдыңғы сайлауалды компания кезінде өзіне қастандық жасалған Батлердегі митингте сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВВС

МӘН-ЖАЙЫ

Осы жолы қауіпсіздік шарасы едәуір күшейтілген. Пенсильвания штатындағы Butler Farm Show кешенінің аумағында бақылаушылар командасы жұмыс істеп, сахнаны оқ өткізбейтін шынымен қоршаған. Ал көрші ғимарат шатырына снайперлер қойылған.

Бұған дейін айтқанымдай” деп сөз бастаған Трамп келушілердің назарын АҚШ-қа келіп жатқан заңсыз миграция туралы ақпарат жазылған кестеге аударды. Оны ол 13 шілде күні де өзіне қастандық жасалған кезде көрсеткен болатын.

ТРАМП ШОУЫ

ВВС мәліметінше, бұл жолы онымен бірге Х желісінің иесі, SpaceX компаниясының директоры Илон Маск та болған. Ол жиналғандарды 5 қараша күнгі сайлауда Трампты қолдауға шақырды.

«Президент Трамп осы сайлауда конституция мен Америкадағы демократияны сақтау үшін жеңіске жетуге тиіс» деді Маск.

Басылым мұндай шоу Трампқа құбылып, сауалнама дерегі бойынша бәсекелесі Камада Харрис алда тұрған Пенсильваниядағы сайлаушылар даусына ие болуға мүмкіндік беретінін жазды.

ТРАМПҚА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚТАР

АҚШ-та 13 шілде күні президенттікке үміткер Дональд Трамптың Пенсильвания штатында өтіп жатқан сайлауалды үгіт-насихат митингі кезінде атыс болған еді. Кейін оны атқан адамның кім екені анықталған. 15 қыркүйекте Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Дональд Трамп Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде бұталар арасынан әлдекімді байқап, атыс басталған. 

Кейін күдікті ұсталған болатын. Трамп қастандыққа өзінің оппоненті, вице-президент Камала Харристі айыптаған.