Нөсер жаңбыр жауады – синоптиктердің болжамы

Ілияс Бақыт

"Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылы 10 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Синоптиктердің мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жауады деп күтіледі. 

Тек оңтүстік-шығыста, шығыста, еліміздің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады, батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар, Ақмола облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, ШҚО-ның орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, БҚО-ның солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, СҚО-ның шығысында, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары болады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктері мен шөлейтті аудандарында, Жамбыл өңірінің солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының басым бөлігінде, ШҚО-ның батысында, Абай облысының Үржар ауданында, батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін Қазақстанда күн суытып, сынап бағаны бес градусқа дейін төмендейтіні хабарланған болатын.