Теңге күн санап құнсызданып барады. Ал министрлік баған тұрақты дейді

Әлихан Асқақ

Сенатта өткен брифингте ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңгенің девальвациясына еш негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

ДЕВАЛЬВАЦИЯ ЖОҚ

Біздің жыл бойы бақылап отырғанымыз – жалпы, инфляция болады деген болжамдар, соңғы үш жылда БАҚ-та түрлі сарапшылар өте жоғары бағам болады деген болатын, бірақ көріп отырғанымыздай ондай ештеме болған жоқ. Шын мәнінде бізде көптен бері девальвация болған жоқ. Өздеріңіз де білесіз, девальвация болу үшін оған нақты негіз болу керек, қазір ол әлбетте жоқ. Біздің экспортымыз қандай екенін көріп отырсыздар – былтырғыға қарағанда биыл экспорт барынша жоғары. Импорт түсіп кетті. Бізде қазір сауда балансы жақсы. Сондықтан қазір девальвация туралы айтуға ешқандай негіз жоқ, - деді ол.

«ТЕҢГЕГЕ СЕНЕМ»

Ол теңгенің елдегі экспорт-импортқа тәуелді екенін айтты.

Валюта тұрақты. Әлбетте оған түрлі факторлар әсер етеді. Кез келген басқа валюта секілді ол да елдің экспорт-импортына тәуелді, сондықтан солардың ықпалымен бағам өзгеріп отырады, алайда, жалпы валютаның тұрақты екенін көруге болады. Ұлттық валютадағы депозиттердің кірістілігі, басқа шетелдік валюталарға қарағанда барынша жоғары. Тіпті инфляцияны ескергенде де. Сондықтан жеке өзім ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін, – деді Арман Қасенов.

Ол бұған дейін Қазақстан АЭС құрылысы үшін қаржыны қайдан алатыны туралы айтқан болатын. Ал әзірге елде 1 доллардың құны 488- 494 теңге аралығында.