«Ресейде украиналық тұтқындарды атып тастады»: Украина билігі БҰҰ-ға шағым түсірді

Қалижан Бектемір

БАҚ ресейліктер Курщинада тоғыз украин әскерін атып тастады деген ақпарат таратқан. Осыған орай Украина билігі БҰҰ-ға жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөз

ТОЛЫҒЫРАҚ

BBC-дің жазуынша, украиналық омбудсмен Дмитрий Лубенец БҰҰ-ға және Халықаралық Қызыл Крест комитетіне украин әскери тұтқындарын ату туралы тағы бір хабарламаны тергеуді сұрады.

Украинаның Osint-Deep State жобасының ақпараты бойынша, 10 қазанда Ресей әскери күштері Курск облысында тұтқынға алынған тоғыз украиналық сарбазды атып өлтірген.

Сарапшылардың пікірінше, бұл Зеленый Шлях кентінің аймағында болған, сол күні Ресей бөліктері осы аймаққа енген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Украина vs Ресей: Курск облысындағы соғыстың ахуалы қандай

РЕСЕЙ АЙЫПТАУЛАРҒА ЖАУАП БЕРМЕДІ

Мұндай әрекеттер – әскери тұтқындарға қатысты Женева конвенциясын өрескел бұзу. Бұл әрекеттер жазасыз қалмауы керек және жау барлық жауапкершілікке тартылуы керек, – деді Лубинец.

Ресей тарапы Курск облысында әскери тұтқындарды өлтірді деген айыптауларға әлі түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін қыркүйекте Ресей әскері өте көп адам шығынына ұшырағанын жазған болатынбыз.