Некеге тұру үшін әйелдің де рұқсаты керек – Талибан

Ulysmedia

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысының үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдер құқығы туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

reuters.com-ның мәліметінше, мұндай жарлықты «Талибан» қозғалысының өкілі Забихилла Мухаджид шығарған.

«Әйел – меншік зат емес, текті және еркін адам. Оны ешкім ешкімге қандай да бір пайда немесе араздықты тоқтату мақсатында бере алмайды», - делінген қаулыда.

Онда әйелдердің некеге тұруы мен мүлкін реттейтін ережелер белгіленіп, әйелдерді «мәжбүрлеп некеге тұруға болмайды», «ал жесірлер қайтыс болған күйеуінің мүлкінен үлес алуы керек» деп белгіледі.

Қаулыда соттар шешім қабылдағанда ережелерді ескеруі керек, ал Дін істері және ақпарат министрліктері бұл құқықтарды алға жылжытуы керек екендігі жазылған.

Талибандар өзгергенін және кейбір провинцияларда қыздарға арналған орта мектептердің ашылуына рұқсат етілгенін айтады. Бірақ көптеген әйелдер мен құқық қорғаушылар бұған күмәнмен қарайды.