Іле Алатауы ұлттық саябағында қылмыстық іс қозғалды

Ulysmedia

«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қызметтік тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Ulysmedia. Бұл туралы заңгер Бақытжан Базарбек жазды.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңіраралық тергеу басқармасы «Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы» МҰТС лауазымды тұлғаларына қатысты жер учаскелерін иеліктен шығару, табиғатты қорғау жерлерінде заңсыз құрылыс жүргізу, сондай-ақ экологиялық бекеттерде бюджет қаражатын жымқыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – дейді ол.

Бұл мақсатта Ұлттық саябақ аумағындағы жер телімдерінің 115 кадастрлық нөмірінің тізілімі жасалған. Себебі сұлулығынан көз сүрінетін айрықша тау бөктерлерінде ондаған демалыс үйлері бар аймақтар, тиісті рұқсат құжаттары жоқ құрылыстар пайда болған.