Қазақ-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы – Қорғас" өткізу пунктіндегі кептеліске байланысты бас көлік прокуратурасы мен мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерінен тұратын топ құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
МӘН-ЖАЙЫ
Әлеуметтік желіліерде "Нұр Жолы – Қорғас" өткізу пунктінде кезек екі аптаға бос емес екені, бос орындарының тапшылығынан сыбайлас жемқорлық риск ерін туындататыны айтылып, адал тасымалдаушылар наразылық білдіріп жатқаны жайлы ақпарат тараған.
“Осыған байланысты, СarGoRuqsat сервисінің жұмыс режимін бұзудың туындаған жағдайларын жою үшін тікелей кеден бекетіне Бас көлік прокуратурасы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері топ құрамында барды.
НЕ ІСТЕЛІНБЕК
Жұмыс тобымен жүйеде жасанды бос орын тапшылығын тудыратын "көмекшілер" деп аталатын тұлғалардың және жүйеге роботбағдарламаларының араласуын жоққа шығарылуда. Бұл бағдарламалар қорғанысты айналып өтіп, миллисекундтарда кезек алады. Осыған байланысты кезек алу процесін өзгерту туралы шешім қабылданды” делінген кірістер комитетінің ақпаратында.
Ресми ақпаратқа сай, енді, кезекті алу және өткізу пунктінен өту уақытын/күнін таңдау мүмкіндігі пайдаланушыға форматтық-логикалық бақылаудан өткеннен кейін беріледі. Мұндай дәйектілік кезектегі орындарды алыпсатар тұлғаларды алып тастауға, ал адал тасымалдаушыларға қажетсіз асығусыз қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруден өтіп, содан кейін ғана өзіне ыңғайлы жүру уақытын таңдауға мүмкіндік береді.
“Бұдан бөлек, Мемлекеттік кірістер комитеті а.ж. 28 қазанынан бастап ҚХР шекарасында шетелдік рұқсат бланкілерін беру олардың болмауы және ҚР Көлік министрлігінің жағдайды шешуі себебінен уақытша тоқтатылатынын хабарлайды” деді комитеттегілер