Қазақстан халқы азық-түлікке ай сайын орта есеппен 113 мың 870 теңге жұмсайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Freedom Finance Global сарапшыларының мәліметінше, сауалнамаға қатысқан 3 мыңнан астам тұрғынның 27%-ы айына тамаққа 50 мың теңге кетеді деп жауап берген.
30%-ға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан.
Әрбір бесінші тұрғын, яғни 17%-ы ай сайын тамаққа 100-150 мың теңге бөледі.
Тағы 12%-ы 75 мыңға дейін, қалған 10%-ы 150-200 мың теңге қаржысын айлық азығына арнайды екен.
Бұған дейін Қазақстанда жыл басынан бері азық-түліктің кей түрлері айтарлықтай қымбаттағанын жазған болатынбыз.