Украина қазақстандық компаниядан соғыс ұшағы бөлшектерін сатып алмақ

Сырым Қаржас

Украина Қазақстаннан әскери оқ-дәрі шығаруға маманданған «Өркен әлем» компаниясынан Су-24 және Су-25 әскери ұшақтары үшін ПТК-6М және ПТК-25ск парашюттік тежеу ​​жүйелерін сатып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Lenta.ru сайты хабарлады.

«Украина 2014 жылға дейін Ресейден сатып алынып келген парашют тежеу ​​жүйелерін жеткізушілерді іздеуді жалғастырып отыр. Осы мақсатта украиналық «Укрспецэкспорт» компаниясы қазақстандық «Өркен әлем» компаниясымен байланыс орнатты», – делінген ақпаратта.

Дереккөздің хабарлауынша, қазір тараптар қажетті бөлшектерді шығаруды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылап жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/»БРИКС+» пленарлық отырысында сөз сөйлеп, Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты елдің ұстанымын білдірген.

Президент атап өткендей, Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын қолдайды.