Қосшыда бір апта бұрын жоғалған 16 жастағы қыз әлі табылмай жатыр

Қалижан Бектемір

Ақмола облысы Қосшы қаласының полиция бөліміне 21 қазанда жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған қызы Сарсенова Дильназ Ерланқызы 19 қазанда таңертең үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмағаны туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Фото: Sinegor.kz

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАН

Полицияның дерегіне сенсек, қыз бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп, кейін оралғаны анықталды. Өзі мүмкіндігі шектеулі жан.

Sinegor.kz порталының жазуынша, қызды алдымен әкесі өз бетінше іздеп көрген, алайда нәтижесіз болған соң құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

ПОЛИЦИЯ КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Қыз үйден шығып кеткен кезде сұр пальто, қара түсті аяқ-киімде болған. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық, қоңыр түсті шашы иыққа дейін жетеді.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Дильназды іздестіруге көмектесуді сұрайды. Қыз туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан арнайы 102 нөміріне хабарласуды өтінеді. Қыздың жасы мен мүгедектігін ескере отырып, іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Зеренді ауданында оқушы қыз жоғалып кеткен болатын.