Республика күнінде елімізде қанша сәби дүниеге келді?

Сырым Қаржас

Республика күні қазақстандық отбасыларда 850 сәби, оның ішінде 7 егіз, 434 ұл, 416 қыз аман-есен дүниеге келді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

“Тәуліктік туу бойынша 122 бала өмірге келген Түркістан облысы көш бастады. Екінші орында – Астана, онда 89 отбасы жаңа мүшелерімен толықты. Үшінші орында – Алматы, мұнда 88 сәби дүниеге келді”, делінген ведомство хабарламасында. 

Министрліктің хабарлауынша, жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңестер барлық жерде жұмыс істейді.

Ауыр жағдайда әйелдерді емдеуге жатқызу үшін жеке постар ұйымдастырылған, сондай-ақ мамандардың қатысуымен жүкті әйелдерге тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.