Сенбіге қараған түні ресейлік ұшқышсыз ұшақтар Киевтің әуе кеңістігіне өтіп, соққы жасады. Салдарынан қаланың бірнеше аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметіне сілтеме жасап ВВС ақпарат агенттігі хабарлады.
Украиналық төтенше жағдайлар ведомствосының мәліметіне сүйенсек, шабуыл салдарынан қаланың Святошина ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы екі қабатындағы пәтерлерден өрт шығып, ішінара қираған. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялады.
Дрондардың сынған бөлшектерінің жерге құлауы Днепр аймағында да тіркелді. Киев әскери басқармасының мәліметінше, 9 қабатты тұрғын үйдің бір қабатында балкон өртенген.
Қаланың Соломен ауданында үй мен көлік терезелері сынған.
Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.