«СК-Фармациядағы» жемқорлық тәуекелдері кесірінен тұтынушы дәрі-дәрмекті 2 есе қымбатқа алуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, осы жылдың 1-тоқсанында Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы «СК-Фармация» ЖШС қызметінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, СК-Фармацияда халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету, фармацевтика саласы мен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға кедергі келтіретін елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, – дейді ол.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілінің айтуынша, есептеу кезінде тасымалдау мен сақтаудың бірдей шарттарына қарамастан, қымбат дәрі-дәрмектерге жеткізілім бағасы арзан дәрі-дәрмекке қарағанда жоғары болады.
Біріншіден, шекті бағаны қалыптастыру кезінде өндіруші немесе жеткізуші мәлімдеген дәрі-дәрмектердің құны ескеріледі. Содан кейін бұл сомаға үстеме ақы төленеді. Сонымен, жеткізу шығындары – 15%, маркетинг – 30%, көтерме және бөлшек сауда 10-нан 55 пайызға дейін құрайды. Бұл есептеу кезінде тасымалдау мен сақтаудың бірдей шарттарына қарамастан, қымбат дәрі-дәрмектерге жеткізілім бағасы арзан дәрі-дәрмекка қарағанда жоғары болады. Осындай баға механизмінің нәтижесінде соңғы тұтынушы медициналық препараттарды өзіндік құнынан кемінде екі есе қымбат сатып алады, – деді Данияр Бегайдаров.
Оның атап өтуінше, жекелеген жеткізушілердің мүдделерін лоббилеу, жеткізушілердің картельдік сөз байласуы, отандық өндірістің ойдан шығарылған ұйымы фактілері анықталған. Сол компаниялардың СК-Фармация тендерлеріне жұппен қатысу фактілері белгілі болды. Бұл картельдік келісімнің белгілерін көрсетеді. Компаниялар бір-біріне бәсекелес болып, жеңістер кезек-кезек берілген. Компаниялардың әрқайсысы аукционда бағаның ең аз төмендеуімен жеңіске жеткен.
Талдау қорытындысы бойынша агенттік 100-ден астам ұсыныс енгізді. Денсаулық сақтау министрлігі Жол картасын бекітті және іске асырып жатыр, - деді ресми өкіл.