Қазақстанның олигарх Александр Клебанов Франциядан жаңа вилла сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде қазақстандық кәсіпкердің жаңа сәнді жылжымайтын мүлігі туралы ақпарат пайда болды. Вилланың құны оның энергетикалық корпорациясының "жылдық табысынан екі есе қымбат шықты" деген сыбыс бар.
Павлодарлық жылу желілерінің тең иесі жылжымайтын мүлікті израильдік инвестор әрі ресторатор Филипп Шрикиден сатып алған. Клебановтың өзі Монакода тұрады. Жаңа үйі резиденциясынан 10 минуттық жерде орналасқан. 1925 жылы салынған және жағалауда орналасқан бұл вилланың ауданы шамамен 905 шаршы метрді құрайды. Бассейні мен шығанағы бар 25 акр жер учаскесімен қоршалған. Сауданың болжамды құны шамамен 17 млн еуроны немесе 9 млрд теңгені құрайды. Бұл оның Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының (ОАЭК) өткен жылғы табысынан 4,7 млрд теңгені көрсеткен.
– Клебанов вилласы елдегі ең танымал Екібастұз ЖЭО-сы мен оған тиесілі қалалық жылу желілерінен 2,5 есе қымбат, – деп нақтылайды пост авторлары.
Осы жылдың мамыр айында Клебанов ұлымен бірге Elgia Riviera жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын құрғагн ол бұрын Шрикиге тиесілі болған.
Бұл сауда жылу орталығы иелерінің Қазақстандағы ескірген инфрақұрылымды жаңғыртудан гөрі шетелдік жылжымайтын мүлікке құмар келетінін көрсетеді. Екібастұз ЖЭО-дағы белгілі жағдайды қоса алғанда, орталық объектілеріндегі тұрақты авариялар мыңдаған адамды жылусыз қалдырған.
КЛЕБАНОВТАР
2022 жылы Екібастұзда жүз мыңнан аса тұрғын ЖЭО-2-дегі үлкен апатқа байланысты қатты аязда бірнеше күн бойы жылусыз, жарықсыз қалған. Оған жылу құбырларының қатты тозғаны себеп болған. Сол тұста ЖЭО иесі Александр Клебанов "бәріне кінәлі тариф саясаты" екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, дәл осы себеп оған инфрақұрылымға қажетті деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік бермеген.
Осыған қарамастан Клебановтың Forbes тізімінде "мұртын балта шаппады". Ол Қазақстанның ең бай 20 адамының қатарында қалды. Кейінірек Клебанов ЖЭО-ны "бір теңгеге" мемлекетке қайтаруға дайын болды. Бірақ 2023 жылы жылу электр магистралі инфрақұрылымының жартысы ғана қала әкімдігінің балансына берілді.