Абхазиядағы шиеленіс: оппозиция халықты күндіз Парламент алдына жиналуға шықырды

Сырым Қаржас

Абхазиядағы оппозиция азаматтарды түстен кейін парламентке жиналып, президенттің отставкаға кетуін тағы да талап етуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Respublica / Telegram

Үйлестіру кеңесі президент Аслан Бжанияның отставкаға кетуін талап ету үшін азаматтарды жергілікті уақыт бойынша 14:00-ге дейін парламентке келуге шақырды. Мәлімдемені Republica Телеграм-каналы жариялады.

«Оның билігі аяқталды. Біздің міндетіміз Бжанияның отставкаға кетуіне қол жеткізу және елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру», делінген хабарламада.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Алдыңғы күні кешке Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісімге наразы болған мойындалмаған республика азаматтары үкімет ғимараты кешенінің аумағына күштеп кіріп, қақпаны бұзған. Олар президентті отставкаға кетуін талап етті.

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛ АСТАНАСЫНАН КЕТТІ

Жауап ретінде Бжания жұмысын жалғастыратынын айтып, түнде құқық қорғау органдарымен кездесуден кейін Сухумиден туған ауылы Тамышқа жол тартты. Сенбі күні ол жақта жақтастарымен кездесу өткізбекші.

Президенттің баспасөз қызметі жұма күні инвестициялық келісімнің күшін жоятыны туралы хабарлады, бірақ кейін мұндай жоспарды жоққа шығарды.

Сенбі күні таңертең «Апсныпресс» агенттігі бос алаңның суретін жариялап, Сухумидегі үкіметтік ғимараттар кешенінің айналасы тыныш және қаңырап бос қалғанын хабарлады.