Рудныйда ер адам итке пышақ сұққан

Қалижан Бектемір

Қостанай облысы Рудный қаласында ер адам айуандықпен итті жарақаттаған. Оқиғаға куә болған жергілікті әйел жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Polisia.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысының аудандық соты зираттардағы темір қоршауларды ұрлағаны үшін айыпталған екі адамға қатысты үкім шығарған болатын.