Қашар кенінде оқыс оқиға. Жүргізуші жұмысшыны техникамен басып кетті

Ғалиасқар Думан

Қостанай облысындағы Қашар кенінде оқыс жағдай болып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Бұл туралы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2024 жылғы 22 қарашада «Қашар кені» АҚ аумағында болған жол-көлiк оқиғасы нәтижесінде вахталық машинаның жүргізушісі маневр жасау кезінде вахталық автомобильдің басқа жүргізушісін қағып кетті. Жарақат алған қызметкер көз жұмды» делінген хабарламада.

«Қашар кені» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қолдан келген көмектің бәрін көрсететінін атап өтті.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қашар кені» АҚ Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне тиесілі минералды ресурстарды өндіру мен өңдеумен айналысатын компания. Қостанай облысы Рудный қаласынан 55 шақырым жерде орналасқан.