Жамбылдық құтқарушылар 5 адамды өрттен аман алып шықты

Сырым Қаржас

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының өрт сөндірушілері қызыл жалынға оранған тұрғын үйдің ішінен 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

Өрт оқиғасы бүгін, 24 қараша күні таңертең Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 2 қабатты 2 пәтерлі тұрғын үйде болған.

Аталған тұрғын үйден 10 шаршы метр аумақты қамтыған өрт шығып, үй тұрғындарын көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған қалың түтін пайда болған.

Өрт сөндірушілер барлау кезінде үй ішінен кейуана мен 4 баланы тауып, оларды терезе арқылы сыртқа шығарған.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.