Қазақстан жер қойнауын пайдалану бойынша 13 келісімшартты бұзды

Аян Өрібай

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылы міндеттемелердің орындалмауына байланысты жер қойнауын пайдалану бойынша 13 келісімшарт бұзылғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

КЕЛІСІМШАРТТАР

2022 жылдан бастап министрлік 52 келісімшартты (2022 жылы 17, 2023 жылы 22 және 2024 жылы 13) бұзған. Ол кендер мен өндіріс орындары қайтадан аукциондарға қойылған. 9 келісімшарт бойынша 1,9 млрд теңге сомасына берешек өтелген.

Келісімшарттағы міндеттемелерді бұзғаны үшін 2022 жылы 12 млрд теңгенің 158 ескерту-хабарлама беріліп, оның 5,6 млрд теңгесі өтелге. 2023 жылы 14 млрд теңге сомасына 141 ескерту-хабарлама беріліп, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 2,4 млрд теңге өтелген.

2024 жылы 1 қарашада елімізде көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт, оның ішінде 9 ӨБК, 11 барлауға, 173 барлауға және өндіруге, сондай-ақ 122 өндіруге арналған келісімшарт күшінде түр.

2020 жылдан бастап 9 аукцион өткізілген. Олар бойынша 49,5 млрд теңге көлемінде қол қою бонусын төлей отырып, 443 млн АҚШ доллары сомасына геологиялық барлауға мәлімделген инвестициялармен 110 жер қойнауы учаскесі сатылды.

Кезекті аукцион 2024 жылғы 27 қарашасында 9 учаске бойынша жоспарланған (барлау – 8, өндіру – 1).

АУКЦИОН

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі  бұған дейін алтын, күміс, қорғасын және мырыш сияқты қатты пайдалы қазбалардың 26 кен орны бойынша электрондық аукцион өткізетінін хабарлаған болатын. 2024 жылдың 7 қарашасында осы қазбаларды өндіруге аукцион өткізу тәртібі жаңартылды. Қатысуға өтінімдерді 2024 жылғы 15 қарашадан бастап 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін "Minerals.e-qazyna.kz" БЖТ платформасы арқылы беруге болады. Аукционның өзі 2025 жылы 29 қаңтарда qazyna.kz веб-порталында өтеді. Аукционға қатысу құқығы үшін бастапқы жарна мөлшері 100 АЕК – 369 200 теңгені құрайды.

Айта кетейік, сатуға арналған кен орындарының тізімінен ең ірісі – Қарағанды облысындағы 1-ші Дубовская шахтасының 27 шаршы шақырым алқабы.