Қазгидромет алдағы үш күнге арналған жалпылама ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайтын болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.
Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз елдің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады.
Республика бойынша тұман және желдің күшеюі 15-20 м/с, еліміздің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін болады деп күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.