Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттайды: Сәтқалиев оның себебін атады

Қалижан Бектемір

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев жанар-жағармай бағасы көтерілетінін растап, оның себептерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

НАРЫҚТА ТАПШЫЛЫҚ БАР

Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығы бар.

Қазір біздің нарықта тапшылық бар. Тапшылықты жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Модернизацияны жүзеге асыру үшін тиісті ақшаны салу керек. Мұнай өнімдерінің бағасына жабдықты сатып алуға, техникалық қызмет көрсетуге, пайдалану шығындарына, логистикаға, жаңа құбырлар мен теміржол инфрақұрылымын салуға тартылған несиелер кіреді, – деді Сәтқалиев.

НАРЫҚТАҒЫ БАҒА

Министр бұл мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайтынын айтты.

Жағдайдың қалай болатыны ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Қазір ішкі нарықтағы баға көршілес елдермен салыстырғанда төмен. Ал егер нарық ашылса, арзан өнімдеріміздің бәрі қымбаттайды, бұл бағаның өсуіне әсер етеді, – министр.

Бұған дейін Қазақстан жанар-жағармайды сыртқа тасымалдауға салынған тыйымды ұзартуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.