«Титаник» суға батқан жылы туған әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Сырым Қаржас

«Титаник» кемесі суға батып кеткен жылы туған, екі дүниежүзілік соғыстан, испан тұмауы және коронавирус пандемиясынан аман өткен ағылшын азаматы, Гиннестің рекордтар кітабындағы әлемдегі ең қарт адам Джон Тиннисвуд 112 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

KirayRodriguez

Бұл туралы бүгін Гиннестің рекордтар кітабінің әкімшілігі хабарлады. Джон Тиннисвудтың бұл кітапқа енгеніне бірнеше ай ғана өткен еді. 

ӨМІРБАЯН

Тиннисвуд 1912 жылы тамызда Ливерпульде дүниеге келген. 1942 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыстың қызып тұрған шағында әскерде қызмет ете жүріп отбасын құрған. Марқұмның артында қызы, төрт немере және үш шөбересі қалған. Тиннисвуд есепші болып жұмыс істеді.

“Тиннисвуд белсенді болып, жаңалықтарды жіті қадағалап, қаржысын тиімді басқара алды. Бұл оның ұзақ өмір сүруіне ықпал еткен болуы мүмкін”, делінген рекордтар кітабының мәлімдемесінде.

ЕЛИЗАВЕТА ПАТШАЙЫМНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ол 100 жасқа толғаннан кейін жыл сайын туған күнінде өзінен 14 жас кіші марқұм Елизавета патшайымнан құттықтау хатын алып тұрған.

Ол өзі кезінде «Не ұзақ өмір сүресің, не қысқа өмір сүресің және бұған ештеңе істей алмайсың», деп айтқан екен.