Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның жақтастары ел астанасының орталығына басып кіріп, қақтығыс кезінде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның түрмеден босатылуын талап еткен жақтастары полициямен қақтығысып, Исламабад орталығына билік орнатқан тосқауылдарды бұзып өтті. Екі тараптан кем дегенде алты адам қаза тапқаны хабаранды.
BBC тілшілерінің хабарлауынша, ереуілден кейін көп ұзамай полиция мен сарбаздар наразылық білдірушілерді таратып, орталық аудандардан ығыстырып үлгерген.
«Исламабадтағы шиеленіс түн батқан сайын жалғасуда, Имран Ханның партиясы ПТИ жақтастары көрші аудандарда қайта топтасып, әзірше қақтығыстардан аяғын тартып жүрген сияқты», - деп хабарлайды BBC тілшісі Фархат Джавед.
Ал Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф шерушілер өз көліктерімен төрт сарбазды басып өлтіргенін айтты.
ПТИ өкілі Зулфикар Бухаридің айтуынша, наразылық білдірушілер тарапынан екі адам қаза тауып, 30 адам жараланған. Қаза тапқандардың бірі, Бұхаридің айтуынша, оқ тиген, екіншісін көлік басып өткен.
Тараптардың бұл мәлімдемелерінің анық-қанығына жету әзірге қиынға соғып тұр.