Қазан айында банктер тартқан жеке тұлғалардың теңгедей салымдары бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 13,3% құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Екінші ай қатарынан ставка біртіндеп 0,1 п.п қадамымен төмендеді.
– Ең жоғары ставкалар депозиттер сегментінде 1 айдан 3 айға дейін сақталады. Орташа деңгей 15,4%, алдыңғы айға қарағанда өзгеріссіз.
Заңды тұлғаларға келер болсақ, депозиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 13,1 п.п. құрады, қыркүйектегі шағын өсімнен кейін ол 0,1 п. п. жоғалтты және қайтадан тамыз деңгейіне оралды, – деп жазады "ПКБ" сарапшылары.
НЕСИЕЛЕР
Қазан айында жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін көрсеткіш 20,5% құрады. Бұл қыркүйектің деңгейіне бірден минус 1,1 п.п. Өткен айда 1 жылдан 5 жылға дейінгі және 5 жылдан астам сегменттердегі ставкалар жалпы деңгейге көтерілген. Ал бұл жолы олар төмендеді.