Екі жақтың хабарлауынша, Ресей 502 украин әскерінің, Украина 48 сарбаздың денесін тапсырған, деп жазады Ulysmedia.kz.
Украинаның әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабы 502 украиндық сарбаздың 397-сі Донецк облысынан, 24-і Луганск облысынан, 64-і Запорож облысынан шақырылғанын, ал тағы 17 мәйіт Ресейдегі мәйітханалардан берілгенін нақтылады. Украина мен Ресей 8 қарашада денелерді бір мәрте алмасқан еді.
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС
Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда көрші әрі бауырлас мемлекет – Украинаға басып кірген. Президент Владимир Путин кейінгі кезге дейін басқыншылықты “арнайы операция” деп атап, ондағы мақсаты орыс тілді азаматтардың құқығын қорғау екенін айтудан танбады. Түрлі сарапшылар шын мәнінде Путинге Украинаның өркениетті Еуропаға қарай бой түзеп, Еуро Одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлау арқылы өзінің ықпалынан сусып бара жатқаны ұнамағанын айтады.
ПУТИННІҢ МАҚСАТЫ
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің басты мақсаты – Донецк пен Луганск облыстарынан тұратын Донбасты толығымен басып алу және Украинаның Курск облысындағы әскерлерін ығыстыру екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Путиннің Украина бойынша “бейбіт” жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланған.