Маңғыстау облысында жер сілкінді

Қалижан Бектемір

2 желтоқсанда Маңғыстау облысында магнитудасы 4,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Volcanodiscovery.com сайтының мәліметінше, жер сілкінісі сағат 14:48-де Ақтаудан 79 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпуін Түпқараған ауданы мен Шетпе ауылының тұрғындары сезген.

Еске салсақ, 2024 жылы Қазақстан жер сілкінісі көп тіркелген 20 елдің қатарына кіріп, 101 елдің ішінде 17 орынға жайғасқан болатын. Сонлай-ақ Орталық Азияда магнитудасы әртүрлі жер сілкіністерінің сериясы тіркелді. Сейсмологиялық қызметтер Қырғызстанда, Тәжікстанда және Қытайдың шекаралас аудандарында болған жер сілкінісі туралы ақпарат таратқан еді.