Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті

Қалижан Бектемір

Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Павлодар облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 

Mazda көлігінің жүргізушісі Академик Сәтбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кетті. Апат салдарынан балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Көлік айыптұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде, – делінген хабарламада. 

АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, сүйектері сынған 2008 жылы туған ұл бала ауруханаға жатқызылған. Ал қыз бала тексеруден өтіп жатыр.