Қазгидромет ел аумағына түнгі аяз жылжып келе жатқанын мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.
Синоптиктер осыған байланысты ауа температурасы төмендейтінін болжап отыр.
“Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтап, тұрақсыз ауа-райын әкеледі: бұрқасынмен қар, оңтүстік өңірлерде - жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады” делінген хабарламада.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 7-12 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-18 аязға дейін, солтүстікте, орталықта 15-20 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 3-8 аязға дейн, таулы аудандарда 10-16 аязға дейн төмендейді.