12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу: Оқу-ағарту министрлігі не дейді

Қалижан Бектемір

Оқу-ағарту вице-министрі Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: istockphoto.com

ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕДІ

Вице-министр Еділ Оспанның айтуынша, аталмыш ұсыныс мұқият талқылауды талап етеді.

Бұл ұсыныс ретінде айтылды. Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың рөлі өте маңызды деп есептейміз. Мұны біз бірнеше рет айтқанбыз. Әрине, ата-аналар барлық уақытта балаларының жанында болуы қажет. Дегенмен, бұл ұсыныс мұқият талқылауды талап етеді. Ата-аналар қауымының да, мемлекеттік органдардың да пікірін ескеру қажет, – деді вице-министр.

ТАЛҚЫЛАУ

Вице-министрдің айтуынша, егер ұсыныс заң жобасы түрінде рәсімделсе, бірден талқылаулар басталады.

Жауапкершілікке келетін болсақ, бұл қоғам мен құзырлы мемлекеттік органдардың пікірі ескеріліп, талқылау барысында белгілі болады, – деді Еділ Оспан. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда мұғалім оқушыны TikTok-қа видео түсіргені үшін ұрған болатын.