Кредитке көлік алу жеңілдей түседі: талаптың бірі алынып тасталады

Сырым Қаржас

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелеріне түзету енгізбек. Ол түзетулер НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзденс

ТЫҢ ТҮЗЕТУ

1 сәуірден бастап жыл соңына дейін борыш жүктемесі коэффициенті (қарыз алушының барлық өтелмеген кредиттері мен қарыздары бойынша төлемдердің ай сайынғы табыстарына қатынасы) жаңа автокөлік сатып алуға қарыз беру кезінде есепке алынбайды.

Түзетулерге сәйкес, 2025 және 2026 жылдары қарыз бойынша борыш жүктемесі коэффициенті талабын уақытша тоқтата тұру көзделеді:

  • жаңа көлік бойынша бастапқы жарна 50% болған кезде;
  • үш жылға дейінгі көлік бойынша 30%-дан 50%-ға дейінгі бастапқы жарна салынған кезде.

Құжаттың салыстырмалы кестесінде түзету мақсаты – отандық автоөнеркәсіпті қолдау және оның өнімдерін жеңілдікті автонесиелеу шеңберінде сату деп көрсетілген.

ШАРЛАПАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беріле ме деген сұраққа жауап берген еді. Шарлапаев бұрынғы бағдарлама тоқтамағанын, одан түскен қаражат жеке көліктерді сатып алуға емес, қаланың инфрақұрылымына, қоғамдық көліктерге жұмсалып жатқанын айтады.