Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Айдос Рысбаев көліктегі полиция департаментінің бастығы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның басқа қызметке барғанын ІІМ хабарлады.
– Президент әкімшілігімен және ішкі істер министрінің бұйрығымен келісім бойынша көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды, – делінген хабарламада.
Рысбаев 18 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің қазасынан көп ұзамай вице-министр қызметінен босатылған. Ол бұл қызметті 11 ай атқарған.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.