Қазақстанда ғылыми жобаларға бөлінген қыруар қаржы кітап шығаруға жұмсалған

Қалижан Бектемір

Антикор мәліметінше, миллиардтаған қаржы құйылған ғылыми жобалардың 70%-дан астамы практикалық пайда әкелмей, мақалалар мен кітаптар шығаруға жұмсалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: BAQ.KZ

НАҚТЫ НӘТИЖЕ ЖОҚ

Бұл туралы Білім және ғылым саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында өткен жиында айтылды.

Сондай-ақ жиында жобаларды іріктеу процесі ашық емес, олардың сараптамасы формальді түрде жүргізілетіні, нақты нәтижелер үшін жауапкершілік жоқ екені айтылды. 

32 МЛРД ТЕҢГЕНІН ҚАЛҒАНЫ ҚАЙДА

Антикордың мәлімдеуінше, 2016 жылдан бастап мемлекет ғылыми жобаларды коммерцияландыруға шамамен 32 млрд теңге жұмсады, олардың едәуір бөлігі мақсаттарға қол жеткізе алмаған. Нақты ғылыми жұмыстың орнына қаражат зерттеулерге байланысты емес шығындарға кетеді, жоба бюджеттері негізсіз көтеріледі.

Ғылыми тағылымдамаларға гранттар беру мәселелерінде де елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталған.

Бұған дейін ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға ұлғайтылғанын, 2025 жылғы қаңтардан бастап тағы да 17%-ға өсетінін жазған болатынбыз.