Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс операторларымен талқылау нәтижесінде байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтерін 2024 жылдың соңына дейін сақтап қалу туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Министрліктің бұл бастамасы азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, себебі байланыс құнының тұрақтылығы цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі. Байланыс операторлары мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екендіктерін білдірді”, делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Министрлік міндеттемелердің орындалуын қадағалауды жалғастырып, елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдайтынын да атап өтті.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелгені белгілі болғанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ Кселл тұрақты өсімді көрсетіп, 9 айдағы кірісі 9%-ға артқаны белгілі болды.