Ресей Сыртқы істер министрлігі Башар Асад Сирия президенті қызметінен кетуге шешім қабылдап, елден кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДЕРЕКТЕРІ
Сонымен бірге билікті бейбіт жолмен беруді тапсырды. Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, барлық тараптарды мәселелерді саяси әдістермен шешу арқылы күш көрсетуден бас тартуға шақырды, деп жазады ТАСС.
Таяу Шығыстағы бірқатар ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сирия қарулы оппозициясының Әскери операциялар департаменті Сирия президенті Башар Асадты тұтқынға алуға көмектесетін ақпарат үшін 10 миллион доллар сыйақы жариялады.
Бұған дейін Сирия президенті Башар Асад ұшақ апатынан қаза табуы мүмкін екені хабарланған. Оның ұшағы аяқ асты радардан жоғалып кетті.
Еске сала кетсек, бүгін Башар Асад Сириядан кетпек болғанда қаза тапқан болуы мүмкін екені айтылды. Себебі оның ұшағы радардан жоғалып кетті.
Сондай-ақ Сирияның мемлекеттік мекемелерін билік ауысқанға дейін премьер-министр басқаратын болды.
КЕРЕК ДЕРЕК
Башар Асад соғыс қимылдары күшейіп, Сирия территорияларын көтерілісшілер басып алғаннан кейін қиын жағдайға тап болды. Аймақтағы соңғы оқиғалар оның ықтимал қашуының алғышартына айналды.
Президенттің қаза тапқаны туралы ақпарат әлі ресми расталған жоқ.
Бұған дейін Хаят Тахрир аш-Шам (HTS) тобы бастаған көтерілісшілер Дамаскті басып алған болатын. Одан кейін Сирия үкіметінің басшысы Мұхаммед Ғази әл-Джалали Сирия халқы сайлаған кез келген басшымен ынтымақтасуға және билікті беруге дайын екенін білдірді.
Қарулы топтар қараша айының соңында Башар Асадтың үкімет күштеріне қарсы кең ауқымды шабуылды бастады. Бірнеше күннің ішінде олар Сирияның екінші ірі қаласы Алеппоға кіріп, Хама мен Дейр-эз-Зор қалаларын да бақылауға алды.