Астананың Есіл ауданындағы бірнеше тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар кабельдің ұрлануына байланысты жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Әлеуметтік желіде жарықтың өшірілуіне қатысты шағымдар пайда болды. Астана аймақтық электржелілік компаниясы 13 желтоқсанда "Шұбары" қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар ажыратылғанын хабарлады.
Кабель желісінің ұрлануы себеп болды. Оқиға орнында төрт жедел мобильді топ жұмыс істеуде. Қайта жалғау жүріп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.
ҚАЙ ҒИМАРАТТАР ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ
Апат Есіл ауданында орын алған, атап айтқанда "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый" тұрғын үй кешендері және Қонаев көшесі, 7 және 31 мекен жайындағы екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалды.
Еске салсақ, бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел Украинадағы соғыстың балаларға тигізген апатты әсері туралы мәлімдеген болатын.