Астананың сол жағалауындағы электр желілеріндегі ақау толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Астана-АЭК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙЫ
2024 жылғы 13 желтоқсанда "Шұбар" қосалқы стансасындағы авариялық ажырату салдарынан жарықсыз қалған нысандардың барлығына жарық берілді, ақау толығымен қалпына келтірілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған кабельдерді ұрлау салдарынан туындаған 10 киловаттық желінің зақымдануы болды. Технологиялық бұзушылықтың салдарынан үш тарату пунктіне қарасты 11 тұрғын үй кешені мен екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалды, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Апатты жоюға сегіз жедел-көшпелі бригада жұмылдырылғаны нақтыланады.
Еске салсақ, бұған дейін Астананың бір ауданы жарықсыз қалғанын жазған едік.