Талғар қаласының әкімі тағайындалды

Қалижан Бектемір

Талғар қаласының әкімі қызметін Арыстанбек Әбілқайырұлы атқаратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: жеке парақшасынан

ОЛ КІМ

Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Арыстанбек Әбілқайырұлына 9071 сайлаушы дауыс берген.

Сайлаушылар тізіміне барлығы 42 774 адам енгізілді, оның 12 875-і дауыс берді. Қала әкімі лауазымына үміткер Жәнібек Кәденов 1 875, Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. 182 сайлаушы барлығына қарсы дауыс берді.

“Сайлау қорытындыларымен Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, тізімде үш кандидат болды.

«Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің басшысы,1983 жылы туған Арыстанбек Абихаирұлы Amanat партиясы атынан ұсынылды.

ЕКІНШІ КАНДИДАТ КІМ

Екінші кандидат – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған. Ол «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынды.

Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппараты мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.

Бұған дейін Талғарда қаланың жаңа әкімін сайлап жатқанын хабарлаған едік.