Күткен жоспардан төмен: Қазақстан жыл басынан бері 80,5 млн тонна мұнай өндірді

Аян Өрібай

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан билігі мұнай өндірісі болжамын қайта қарауға мәжбүр болып отыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

AERC

ӨНДІРІС АЗАЙҒАН: СЕБЕП НЕДЕ

2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 87,8 млн тоннаны құрайды. Болжамның төмендеуі бірқатар факторларға байланысты болып отыр. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 80,5 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98%-ды (82,2 млн. тонна) құраған. Оның ішінде мұнай-газ саласының ірі компаниялары бойынша:

Теңізде көрсетілген кезеңде 25,9 млн тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,9%-ды (26,5 млн. тонна) құрады.

Қашағандағы мұнай өндіру көлемі 15,8 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,8%-ды (17,1 млн. тонна) құрады.

Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 11,1 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9%-ды (11 млн. тонна) құрады.

– Өткен жылмен салыстырғанда өндіру деңгейінің төмендеуіне 2024 жылы ірі кен орындарында күрделі жөндеулер жүргізу әсер етті: Теңізде Болашақ кеңейту жобасының жоспарланып отырған іске қосылуына байланысты мамыр және тамыз айларында жалпы ұзақтығы 50 күн жөндеу жүргізілді, Қашағанда 21 күнге толық тоқтаумен слаг-кэтчерді ауыстыру бойынша жөндеу жүргізілді (ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап толық қуатқа шығатын жоспарлы 39 күннің орнына, бұл үнемделген әрбір күн үшін 50 мың тонна өсім береді, бұл орташа есеппен 350 – 450 мың тоннаны құрайды), – дейді Сәтқалиев.

Бұдан басқа, Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды шектеу, КҚК-ның жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға тоқтауы, сондай-ақ ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап (жыл соңына дейін) технологиялық ағынға будың ішкі ағуына байланысты Теңіз кен орнының екінші буын зауытындағы жөндеу жұмыстарына өндірістің төмендеуіне әсер еткен.

Осыған байланысты, биыл жыл қорытындысы бойынша мұнай өндірісі 87,8 млн тонна деңгейінде күтіледі. Жоспарлы өндіру көрсеткішіне қол жеткізбеу мұнай экспортына да әсер еткен.