Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш мұғалім қаза болды

Қалижан Бектемір

Қостанай облысының Білім басқармасы жергілікті мектептерде жұмыс істеген педагог мамандар қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Қайғылы оқиға 16 желтоқсанда болған. Үш адам қаза тапқан.

16 желтоқсанда облыс аумағында болған жол апатынан екі педагог қаза тапқанын өкінішпен хабарлаймыз. Қостанай ауданы Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Алтынсарин ауданының «Больше-Чураков» жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы туыстарына бара жатқан кезде «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында апаттан қаза тапты. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма үшінші педагог жеке мектепте жұмыс істегенін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жеке үйде өрт болып, 52 жастағы әйел ажал құшқанын жазған едік.