Павлодар облысында мұғалім өзін балағаттаған оқушының үстінен арыз жазған

Қалижан Бектемір

Павлодар облысында педагогтардың бірі мектепте оқушының өзіне тіл тигізгені үшін полицияға арыз жазған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Павлодар облыстық Полиция департаменті оқушының іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін байқап, оны ұсақ бұзақылық ретінде қарастырды. Тексеруден кейін полиция ата-анасын жауапқа тартты және іс материалдарын сотқа жіберді.

Ұсақ бұзақылыққа қоғамдық тәртіпті бұзу, соның ішінде тіл тигізу, қорлау, зорлық-зомбылық жасау немесе мүлікті бүлдіру жатады. Осы жылы Павлодар облысында ұсақ бұзақылық бойынша 1 268 адам жауапқа тартылды, олардың 51-і – жасөспірімдер.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада мұғалім Facebook-тегі жазбасы үшін сотта жеңіліп, өтемақы төлейтінін жазған едік.